«Мектеп – білім мен тәлім-тәрбиенің киелі ордасы.»
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті
Мектеп тарихы
№372 бастауыш мектебі — ғасырлық тарихы бар білім ордасы.
1929 жылы Түркісіб темір жолының бойында алғаш іргетасы қаланған қасиетті мектеп бүгінде талай ұрпаққа білім мен тәрбие беріп келе жатқан іргелі білім шаңырағы.
Мектеп түлектері еліміздің әр саласында табысты еңбек етіп, қоғам дамуына өз үлесін қосуда.

Бүгінгі таңда: 30 ұстаз, 252 оқушы, 3 мектепалды сыныбы.
Ұраны: «Білім мен тәрбие – болашақ кепілі»
Толығырақ оқу
Есилбекова Тажигүл Сейтжаппаровна
Мектеп директоры
№372 бастауыш мектебінің директоры – Есилбекова Тажигүл Сейтжаппаровна.

Ол білім беру саласында 2000 жылдан бері үздіксіз еңбек етіп келеді.

  • 2014 жылы Арыс жалпы орта білім беретін мектебінде басшылық қызмет атқарған.
  • 2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін №372 бастауыш мектебінің директоры болып қызмет етеді.
  • Көп жылғы еңбегі мен оқу-тәрбие үдерісін дамытудағы үлесі үшін Республикалық, облыстық және қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған.
  • Сонымен қатар, еліміздің білім беру саласына қосқан зор еңбегі үшін «Ыбырай Алтынсарин» атындағы төсбелгінің иегері.